Түркиядағы президент сайлауына төрт үміткер қатысуға рұқсат алды

Оның ішінде елдің қазіргі басшысы Режеп Тайып Ердоған да бар. Одан бөлек, мемлекет басшысы лауазымына Кемал Кылычдароглу, Мухаррем Инже және Синан Оган үміткер болды. Комиссия мұндай шешімге қол жинау аяқталғаннан кейін келді. Ердоған мен Кылычдароглының кандидатурасын парламенттік фракциялар ұсынғандықтан, оларға қол жинаудың қажеті болмады. Түркияда президент және парламентті сайлау биыл 14 мамырда өтеді.