Оқиға Өскемендегі сауда орталығында болған. Видео дәретханада түсірілген. Бірі қызды қатыгездікпен ұрған, екіншісі видеоға түсірген. Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті растады. «Тексеру жүргіздік. Бұл оқиға биыл 1-2 наурызда болған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің “Бір топ адамдар жасаған бұзақылық” бабы бойынша тіркелді. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері. Оқиғаға қатысушылардың бәрінің жеке басы анықталған.