Twitter логотипіндегі көк құсты ит бейнесіне ауыстырды

Жаңа логотипті желінің бетінен көруге болады. Бұл өзгеріс тұрақты негізде ме, уақытша жасалды ма, әзірге белгісіз. Әлеуметтік желі блогында, Twitter қолдау парақшасында, сондай-ақ әлеуметтік желі иесі Илон Масктың парақшасында бұл мәселеге қатысты ешқандай түсініктеме берілген жоқ. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, өзгеріс енгізілгеннен бері Binance криптовалюта биржасында Dogecoin құны 30%-ға өскен.