Үндістан халық саны жағынан Қытайды басып озады

Біріккен Ұлттар Ұйымы осындай мәлімдеме жасады. Ұйым болжамынша, сәуірдің екінші жартысында Үндістан халық саны бойынша Қытайдан озып, ең тығыз қоныстанған мемлекет атанады. Қазір Үнді жерінде 1,4 млрд адам тұрады. 2011 жылғы санақ кезінде 1,2 млрд болатын. Осы ретте айта кетейік, қазір Қытай демографиялық мәселеге тап болды. Елде 100 әйелге 105 ер адамнан келеді. 1970 жылдары енгізілген “бір отбасы – бір бала” саясатының аяғы осындай мәселеге әкеліп соқты.