Facebook-те алаяқтар қазақстандықтарға тегін велосипед ұсынып жатыр

Олар 900 велосипедтің сызылып қалған жерлері болғандықтан сатылмай қалғандықтан тегін беріледі дейді. Stopfake.kz фактчекинг сайты мұндай хабарландыруларға неге сенбеу керектігін түсіндіреді. “Жарнама биыл 5 сәуірде ашылған Trek Bicycle Fans атты парақшасында шыққан. Аккаунттың аватарында велосипедтер мен спорттық киімдер шығаратын Trek компаниясының логотипі пайдаланылған. Ал компанияның ресми сайтында велосипедті тегін тарату туралы ақпарат жоқ. Бұл портал Trek компаниясының ресми сайты емес және онда грамматикалық қателер көп. Күмәнді порталда жеке деректеріңізді қалдырмаған жөн. Порталды пайдаланушылардың телефон нөмірлерін, логиндерін, парольдерін, төлем карталарының деректерін және басқа да ақпараттарын алдап алу үшін алаяқтар жасаған сияқты”, – делінген хабарламада.