Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы айтты

“Тағы бір назар аударатын мәселе – жас ұрпақтың қауіпсіздігі. Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кетті. Мұндай оқиғалар мектепте, көшеде, тіпті, үйде болып жатыр. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр. Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарап, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңмен күшейту қажет. Отбасы құндылықтарын дәріптеу ісіне ерекше көңіл бөлген жөн. Азаматтарымыз еркін жүріп-тұратын қауіпсіз қоғам құруымыз қажет”, – деді президент.