Мемлекет басшысы әкімдерді сөкті

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдерін жауапкершілікті өзіне алып, дер кезінде шешім қабылдаудан қашатыны үшін сөкті. “Әрбір аймақтың өз ерекшелігі және “әлсіз тұстары” бар. Өкінішке қарай, әкімдер соны біле тұра, алдағы қиындықтарды уақтылы бағамдай алмайды. Жауапкершілікті өзіне алып, дер кезінде шешім қабылдаудан қашады. Жаңа жылдан бері Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында 811 адам болды. Соның 730-ын кестеден тыс, жедел түрде қабылдауға тура келді. Президенттің атына жазылған арыз-шағымдардың саны үш жылда 2 есе өсті”, – Тоқаев.