Талдықорған білім бөлімінің тағы бір қызметкері қамауға алынды

Жетісу облысының білім беру жүйесінде ірі жымқыру туралы істі антикоррупциялық қызмет тергеп жатыр. “Қызметкер білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Ал пара берген адамдар бұл іс бойынша негізгі айыпталушылар саналады және соттың санкциясымен қамауда ұсталған”, – делінген хабарламада. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Түпкілікті үкімді сот шығаратын болады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.