Түркия президенті Ердоған инфаркт алды

Бұл туралы AVAZTÜRK басылымы хабарлады. Басылым мәліметінше, Режеп Тайып Ердоған тікелей эфир кезінде жағдайы күрт нашарлап, миокард инфарктісін алған. Қазір ол ауруханаға жатқызылған, ал дәрігерлер саясаткердің жағдайы ауыр деп отыр. “Жергілікті арналардың біріндегі (Ulke TV) сұхбат кезінде саясаткердің кенеттен басы айналып, есінен танып қала жаздады. Оператор камераны дереу жүргізушіге бұрып жіберіп, содан кейін хабар бірден үзіліп, жарнама берілген. Шамамен 20 минуттан кейін хабар қайта жалғасты. Фондағы аудиожазба кезінде тікелей эфирде Ердоғанның жүрек талмасы ұстағаны туралы ақпарат келіп түсті”, – делінген хабарламада. Ердоғанның өзі осы оқиғадан кейін қатты суық тигенін, бірнеше күн демалу керек екенін айтып, халыққа жүгінді.