Шу облысындағы Дмитриевка ауылындағы атыстан Бішкекке баратын жол жабылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтары қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстамақ болған, алайда олар оқ жаудырған. “Лаңкес жойылды. Оқиға орнында ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары жүр. Қазір ІІМ-нің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Толық ақпарат сәл кейінірек беріледі”, – деді министрліктен. Айта кетейік, Дмитриевка ауылы Бішкектен 30 шақырым жерде орналасқан. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екі қауіпсіздік қызметкері жараланған.