Бүгін 17 мамыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды

Мемлекет басшысы туған күнін тойламайтындықтан, елде мерекелік іс-шаралар жоспарланбайды. Ол бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен барады және Сиань қаласында өтетін “Қытай-Орталық Азия” саммитіне қатысады. “Бұл – Президенттің ұстанымы. Мемлекет басшысы 17 мамырды әдеттегідей өткізеді. Қазақстанда немесе Қытайға сапары аясында туған күнді тойлау шаралары болмайды”, – деді оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.