Министр Семейдегі Шәкәрім университетіне қатысты пікір білдірді. «Бұл жерде жағдай қиын. Біз өз шешімімізді қабылдадық. Өкінішке қарай, біріншіден, сайлаудың кезінде басшылық тарапынан заңнамаға қарсы шығатын әрекеттер болды. Екіншіден, университеттің даму жоспарын бірнеше көрсеткішті толыққанды жүзеге асырмаған. Енді ректорларды қатаң бақылайтын боламыз», – деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.