Жұмыссыздарға жұмыс туралы ақпарат енді SMS арқылы келеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23-35 жас аралығындағы 25 мыңнан астам жұмыссыз жасқа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар жолдады. Еліміздің әрбір азаматы Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес алуына болады.