Цемент зауыты тұрғын үйлерге жақын орналасқан. Қала тұрғындары тоғыз сотта жеңіске жеткеніне қарамастан, зауыт тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. ” Зауыт басшылығы Конституциялық сотқа шағымданды, іс мамырда қаралады. Біз оның шешімін әлі алған жоқпыз. Шешім шыққан соң осы іспен айналысу үшін сот орындаушыларын жібереміз. Біз кәсіпорынды жаба алмаймыз, себебі біресе апелляциялық шағым, содан кейін кассация болады. Нақты сот шешімі шыққанда ғана жұмысты бастай аламыз”, – деді Ерболат Досаев. Әділет департаменті өкілінің айтуынша, қазір арыздар бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімінің орындалуын тоқтатқан.