Америкалық әнші Тина Тернер 83 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы әншінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды. “Өзінің музыкасымен және өмірге деген шексіз құштарлығымен ол бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйерлерді баурап, болашақ жұлдыздарды шабыттандырды. Бүгін біз өз арамыздан кеткен, бірақ ұлы туындыларын: өзінің музыкасын қалдырған қымбатты досымызбен қоштасамыз. Біз оның отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тина, біз сені қатты сағынамыз”, – делінген жазбада. Тина Тернердің шын аты-жөні – Анна Мэй Буллок. “Рок-н-ролл ханшайымы” атанып кеткен ол “Грэмми” сыйлығын 8 рет иеленген. Тина әлемдегі ең үздік бишілердің ондығына кірген. Rolling Stone журналы оны “заманымыздың ең ұлы әншілерінің бірі” деп атаған.