Парашютпен секіру кезінде 5 сарбаз қаза тапты.

Бұл туралы Бас прокурорға депутаттық сауал жолдаған сенатор Геннадий Шиповских айтты. Депутаттың айтуынша, мемлекет отан алдында борышын өтеуге келген сарбаздардың қауіпсіздігін қамтасыз ете алмай отыр. Оқыс оқиғалар әскерде техникалық қауіпсіздік шараларына тиісті деңгейде назар аударылмайтынын көрсетеді. Осы орайда Бас прокуратура әскердегі осындай жағдайлардың алдын алу бойынша қандай жұмыс атқарып жатыр және осы мәселеге қатысты қандай жоспар бар? – деп сұрады сенатор. Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі соңғы 3 жылда әскерде тек 1 суицид әрекеті тіркелгенін мәлімдеген еді.