Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, тергеу амалдары толығымен аяқталған. Зардап шеккен қыздың туысы Тоқжан Досумова бұл ақпаратты растап, алғашқы отырыс 5 маусымға белгіленгенін айтты. Іс бойынша үш қыз айыпталушы тарапта, дегенмен тергеу барысында оқиғаның 14 қатысушысы анықталған – олар сол маңда тұрған, камераға түсірген. Еске салайық, сәуірдің басында әлеуметтік желіде өскемендік қыздың соққыға жығылған видеосы тараған болатын. Видео әжетханада түсірілген, бір қыз екіншісін қатыгездікпен ұрған.