Донецк облысы Дружковка қаласының соты 23 жастағы қазақстандық Шыңғыс Сейпиевке жалдамалы әрекет жасады деген айыппен үкім шығарды. Сот үкімінде 2022 жылы қазанда Сейпиевтің Украинадағы соғысқа қатысу үшін “Вагнер” құрамына арбап қосылғаны айтылған. Сол кезде ол Тюмень қаласындағы №2 түзеу колониясында зорлағаны үшін 10 жыл жазасын өтеп жатқан. Әуелі Ростов облысындағы оқу-жаттығу лагерінде әскери дайындықтан өтіп, желтоқсанда өзін-өзі жариялаған ЛХР қатарына түскен. 30 желтоқсанда Украина Қарулы Күштерінің қолына тұтқынға алынды.Украина қауіпсіздік қызметі былтыр қазанда “Вагнер” өкілдері Сейпиевке Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін ресейлік жеке компанияға қосылуды ұсынғанын хабарлады. Тергеу барысында Сейпиев өз кінәсін мойындап, Украина прокуратурасымен ынтымақтастықта болғаны атап өтілген.