Мәжіліс отырысы бір минуттық үнсіздікпен басталды.

Жалпы отырыс басталар алдында бір минут үнсіздікті Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жариялады. Депутаттар Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. “Бұл ел тарихындағы қайғылы беттердің бірі. Құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынамын”, – деді Қошанов.