Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алды. Құлаған ағаш дәмхананың жарты бөлігін жермен жексен еткен. Адамдар ағаш құламай тұрып, дәмханадан шығып үлгерді. оқиға Орталық демалыс саябағында болғаны айтылған. “Мамандар саябақ аумағына барып, тексеріс барысында көпжылдық ағаштың құлағанын анықтады. Зардап шеккендер жоқ. Ағаш дәмханаға іргелес жатқан “Алтын Тараз” ЖШС-ға тиесілі. Қаланың жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, меншік иесі күтіп-баптау, оның ішінде іргелес аумақта өсіп тұрған ағаштарды санитарлық кесуді жүргізуі тиіс. Басқарма аумақтың иесіне санитарлық кесуге ұсыныс жолдады”, – деп түсіндірді Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментіндегілер.