Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды.

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрінің өкімімен бұйрық жобасына өзгерістер еңгізілді. Соған сәйкес темекілердің ең төменгі бөлшек сауда бағалары мынадай мөлшерде бекітілді: 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге; Келер жылдан бастап 770 теңге. Ал қазіргі таңда темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңге.