Мамандар АҚШ-тың Солтүстік-Шығыс аймағын көк түтіннің тұмшалауы соңғы 20 жылда болмағанын айтады. Вашингтондағы ауаның сапасы қатты нашарлап кетті.Канада орманындағы өрттен таралған түтін кесірінен көптеген вашингтондықтар далаға шыға алмай қалды. Жол жөндеу, қоқыс жинау, саябақтарға қарау сияқты жұмыстар уақытша тоқтатылды. Қаладағы басты хайуанаттар бағы жабылды. Вашингтонның Ұлттық бейсбол тобы жарыстарынан бас тартты. Президент Байден әкімшілігі де жоспарланған іс-шараларды кейінге шегерді. АҚШ билігі Канада орманындағы өртті ауыздықтауға көмектесу үшін 600-ден астам өрт сөндіруші жіберген. Елдегі ауа сапасының нашарлауы мен әуе рейстерінің ұшу барысын президент Джо Байденнің өзі бақылауға алған.