Бұл істі тергеу екі айдан аса уақытқа созылған. Кейін тергеу іс бойынша қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келген. Прокуратура тергеу қорытындысымен келіскен. Жағдайға қатысты зардап шеккен тараптың адвокаты да пікір білдірді. “Біз қылмыстық істің жабылуы әбден мүмкін екенін түсіндік. Өйткені, күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің қолданыстағы баптарының ешқайсына сәйкес келмейді. Сексуалдық сипаттағы әрекеттерге бөлек квалификация қажет, кәмелетке толмаған адамға қатысты әрекетті қатаңырақ жазалау керек”, – деп қосты заңгер Сәдуақасов.