Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі күдікті деп танылды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жасырын іс-шаралар нәтижесінде пара беруге оқталған мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді. Айта кетейік, 2022 жылғы мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынған еді. Сол уақытта ол ұлттық музейді басқарып тұрған болатын. 28 мамырда сот санкциясымен Мұхамедиұлына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.