Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпір 1 қыркүйектен бастап іске қосылады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Айта кетейік, 2020 жылы көпірдің жағдайы апатты деп танылған. “Сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталған ақаулар көпірдің жүк көтергіштігі мен қауіпсіздігіне әсер етті. Жөндеу шеңберінде ригель күшейтіледі, аралық құрылыстың плиталары жаңартылады. 96 арқалық ауыстырылады, сондай-ақ асфальтбетон жабыны салынады. Қайта құру үш кезеңнен тұрады. Бүгінгі таңда жұмыстың екінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Көпірдегі қозғалыс кезең-кезеңімен ашылады: бүгінде учаскенің оңтүстік жағындағы көпірде жұмыс жүргізіліп, қозғалыс ашық”, – деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.