Жалпыға бірдей декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі аяқталды

Жалпыға бірдей декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі аяқталды. Мемлекеттік кірістер комитеті осылай деп хабарлады. Бүгінгі таңда 1,5 миллионнан астам жеке тұлға 250.00 нысанды «кіру» декларациясын ұсынды. Елімізде биылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Қағаз түрінде жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есебін тапсыру мерзімі 15 шілдеде, электрондық түрде15 қыркүйекте аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады,- деп ескертті мамандар.