182 адам эвакуацияланды. Шахтада жалпы 227 адам болған. «Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті «Қазақстан» шахтасында көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Аварияны жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының және Төтенше жағдайлар департаментінің 3 бөлімшесі барды», – делінген «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.