Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылуы мүмкін – Дүйсенованың пікірі

Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қою жайлы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Қазір Астанада бір миллионнан аса адам тұрып жатыр. Бұрынғы Ақмола қаласы 300 мың адамға ғана есептелген. Жастар оқуға келіп жатыр. Қалада жұмыс орындары ашылуда. Елорданың бүгінгі инфрақұрылымы халыққа тиісті жағдай жасауға мүмкіндік бермей жатыр. Егер Астананың көлемі кеңейіп, мүмкіндіктер жасалса, әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылым салынса, онда ашуға болады. Қазір осындай шешім қабылдауға тура келеді”, – деді Дүйсенова. Оның айтуынша, қазір тиісті өзгерістерді елорда әкімдігі дайындап жатыр.