Астанада мектеп баспалдағынан құлап кеткен оқушыға дәрігерлер ота жасаудан бас тартып жатыр

Зардап шеккен оқушының әкесі Бекжан Қожамқұлов осылай деп хабарлайды. “Дәрігерлер тәуекелге бара алмай отыр. Балам ашық бас сүйек жарақатын алған. Көздің айналасы, мұрын ішіндегі сүйегі сынған. Дәрігерлер баламның екі көзі 50% көрмейді деді. Енді шетелдік дәрігерлердің көмегіне жүгінуіміз керек. Дәрігерлер 10 күн ауруханада емдеп, үйге шығарады. Ал балама отаны шұғыл жасамасақ болмайды”, – дейді Бекжан Қожамқұлов. “№ 14 мектеп-гимназиясының оқушысы 2-қабатқа көтерілгенде баспалдақтан құлады, негізі баспалдақ қоршауы бар. Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқушы қалалық балалар ауруханасында жатыр. Есін біледі, жағдайы тұрақты. Комада болған жоқ”, – дейді қалалық білім басқармасынан. Олардың айтуынша, қазіргі күні мектеп директорына қатысты шара қабылдау туралы мәселе қарастырылып жатыр.