Жамбыл облысында притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырған күдіктінің ісі әшкере болды

“Stop трафик” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері қыздардың интимдік қызмет ұсынған кафелерді анықтады. Ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікті ретінде ұсталды. 50 жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады. Қолма-қол ақша және телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды.