“7–20–25” бағдарламасы кем дегенде 2029 жылға дейін орындалады

Ұлттық банк басшысы осылай деді. «Бізде жоспарлар, бюджеттер бар және тапсырылғанның бәрін орындаймыз. Жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша мұндай бағдарлама қажет болса, оны не әкімдер, не мемлекеттік холдингтердің қаражаты есебінен қаржыландыру керек», – деді Тимур Сүлейменов. Спикер Ұлттық банктің “7–20–25” ипотекасынан басқа қосымша жеңілдікті ипотекалық бағдарламалары жоқ екенін атап өтті.