10 қазан 23:50-де Air Astana рейсі арқылы Израильден эвакуацияланған 124 қазақстандық және 42 шетелдік азамат Алматыға қонды. Air Astana өкілдерінің мәлімдеуінше, ешкім қалып кетпеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Air Astana рейсі арқылы Тель-Авивтен 166 адам елімізге жетті.
Air Astana-ның ұшағы Израильден Астана уақытымен 16:45-те ұшып шыққан. Алдымен Ақтауға қонып, кейін Алматыға келді.
Air Astana әуекомпаниясының өкілі Әділ Дәулетбектің айтуынша, жағдай айтарлықтай қиын болды.
“Мұндай қадамға бару бізді толғандырды, өйткені жағдай күрт нашарлап, әуекомпания рейсті тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда еліміздің азаматтарын ол аймақтан алып кету туралы шешім қабылданды. Олардың аман-сау оралғандарына қуаныштымыз”, – деді деді компанияның маркетинг және сату бойынша вице-президенті Әділ Дәулетбек.
Ол 42 шетелдік азамат қай елдің адамдары екенін ашып айтпады. Алайда көпшілігі Қазақстан азаматтығы бар адамдардың жұбайы немесе туысы екен. Сонымен қатар Тайвань туристері бар