Цифрлық даму министрінің айтуынша, жұмысқа орналасу үшін құжат жинаудың қажеті болмайды. «Жұмысқа өтініш берген кез-келген адам құжаттарды жинап, кадр бөліміне апарады. Бүгін біз президентке бір QR код арқылы жұмысқа тұрып, еңбек шартына қол қоюға болатынын көрсеттік», – деді Бағдат Мусин. Бұл туралы ведомство басшысы Астанада Digital Bridge халықаралық форумында мәлімдеді.