Балқаш аудандық полиция бөліміне аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түскен. “Бұл дәйек «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бабы бойынша тіркелді, марқұмның отбасында жеке мәселелері болғанын ескертеміз. Ол да қылмыстық істі тергеу аясында тексеріледі”, – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.