Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

Ол мемлекетке келтірілген шығынды өтеп, өкінетінін айтты. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осылай деп хабарлады. Бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған Боранбаев пробациялық бақылау жағдайында жазасын тұрғылықты жері бойынша өтейді. “Егер сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде келмесе, пробация қызметі алғашқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді, ал егер сотталғанның тұрғылықты жері белгіленбесе, оны іздеуге беру туралы сотқа өтініш береді”. Биыл 15 қыркүйекте Қайрат Боранбаев алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот кәсіпкердің мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім қабылдады. Боранбаев қазан айының ортасынан бастап тергеумен ерікті серіктестік аясында көптеген мүлікті мемлекет меншігіне бере бастады. Шетелден қайтарылған 66 миллион доллардан астам қаржыны кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекетке қайтарды.