Астана әуежайы БАӘ инвесторының бақылауында болады

Мәміле бір жылға жасалған, оның барысында инвестор әуе айлағынан түсетін ықтимал пайданы бағалайды. 12 айдан кейін шетелдік менеджер қанша ақша салу керектігін шешеді. Егер инвестор мәмілені тиімді деп санаса және қазіргі иесі қарсы болмаса, әуе айлағы ұзақ мерзімге сенімгерлік басқаруға өтеді. Әуежай басшылығы инфрақұрылымға салынған инвестициядан кейін оның қызметтерінің бағасы көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезекте ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізіп, жүк терминалының өткізу қабілетін арттыру мақсатында шетелдік компанияны тартуға шешім қабылданған еді.