Нұрлан Мәсімовтің үкіміне қатысты шағым онлайн қаралды

Павлодар полициясының бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов, оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евкович сот отырысына тергеу изоляторынан онлайн қосылды. Нұрлан Мәсімов соттан айыптау үкімін шығарған бірінші сатыдағы сот отырыстарының аудиожазбаларымен және материалдарымен танысуға уақыт беруді сұрады. Өтініш қанағаттандырылды, шағымды қарау екі аптаға шегерілді. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов аса ірі көлемде пара алу, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол шекарадан заңсыз өткен кінәсін ғана мойындайтынынайтты. Мәсімов пен оның қорғаушылары істі “фамилияға байланысты қолдан жасалған” деп атады.