Оны кез келген адам көлігіне орната алады. Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов осылай деді. “Бүгінде көлікті газға ауыстыруға шектеу қою не қадағалау мәселесін ойластырып жатырмыз. 100 пайыз шектеу болмайды. Бірақ, газ жабдықтарының қайдан келгені, сапасы, қай жерде орнатылғаны тексеріледі. Қазіргі уақытта газ балонын орнататын компаниялардың лицензиясы мүлдем жоқ. Мүмкін, лицензиялық қызмет жасайтын шығармыз”, – деді вице-министр брифингте. Қосымша ақпар, ішкі істер министрлігінің ресми дерегінше, соңғы жылда 300 мыңнан астам автомобиль сұйытылған мұнай газына көшірілген.