Мусин қағаз анықтама сұрағандарды әкімшілік жауапқа тартуды ұсынды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің айтуынша, бұрын жыл сайын 50 миллион анықтама шығарылатын. Бүгінде оның бәрі цифрлық форматқа көшірілген. “Көбіне анықтаманы мектеп пен жұмыс берушілер сұрайды. Келер жылы бұл проблеманы толық шешеміз”, – деді Бағдат Мусин үкімет отырысында.