Содырлар кепілге алынғандардың 13 адамнан тұратын алғашқы тобын – әйелдер мен балаларды босатқалы жатыр. Бітім жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де (Астана уақыты бойынша 11-де) басталды. Ол Газа секторының солтүстігі мен оңтүстігінде жан-жақты атысты тоқтатуды, содан кейін кепілге алынған 240-тан астам адамның кейбірін босатуды көздейді. Бүгін Газаға қосымша көмек келе бастайды және кепілге алынғандардың алғашқы легі, оның ішінде әйелдер босатылады. Төрт күн ішінде 50 адам босатылады, – деді Қатар Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Маджед әл-Ансари Дохада. Кепілге алынғандардың кем дегенде 35-і балалар. Египет бітім басталғаннан кейін Газаға күн сайын 130 мың литр дизельдік отын мен төрт жүк көлігімен газ, бұған қоса 200 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жеткізілетінін айтты.