Шымкент тұрғыны үшінші қабаттан баланы лақтырып жіберді

Бұл туралы куәгерлер айтты. Бала көптеген дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, жағдайы ауыр. Кейбір мәліметтер бойынша, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оқиғадан кейін әйел психикалық ауруханаға жеткізілді. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.