Мегаполистегі жантүршігерлік өртке қатысты Үкіметтік комиссия құрылды

Комиссия өрттің шығу себептерін тексереді. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен құрылған Үкіметтік комиссияның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды. Бұл туралы Elorda.info хабарлады. Тілсіз жаудан зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетілетіндігі айтылды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Алматыда хостел өртеніп, 13 азам қаза тапты. Марқұмдардың арасында шетел азаматтары да бар.