Алматыда өртке оранған хостел Халық банкке тиесілі

Жатақхана осыдан бір жарым ай бұрын ашылған. Банк ғимаратты кепілмүлік ретінде жалға берген. Өрт шарпыған аумақ 30 шаршы метерге тең. ««Almaty Hostel» Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ. Студенттердің осы хостелде тұруына өтініш түспеді, студенттерді хостелге орналастыру жүргізілмеді», – деді қалалық баспасөз қызметі.