Хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке тұлғалары анықталды

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады. Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресейдің 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы). Тоғызы отандастарымыз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екі адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін айтты. Науқастың бірі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауыр, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілді.