Алматы қаласының басшысы Ерболат Досаев осылай деді. Қазір аудан әкімдігі жедел түрде уақытша баспана берді. Сонымен қатар барлық эвакуацияланған адам үшін тамақтану ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау басқармасы қажет медициналық және психологиялық көмекті толық көлемде ұсынып жатыр. Ерболат Досаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.