Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осылай деді. Ведомство осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейту үшін түзетулер әзірледі. Айта кетейік, ғимарат құрылысын тоқтата отырып, үлескерлерден заңсыз ақша жинағаны үшін айыппұлды 300 АЕК-тен 2 мың АЕК-ке дейін арттыру жоспарланып отыр. Ал құрылысқа рұқсаты болмаса, үлескерлердің ақшасын тарту мақсатында жарнамаға тыйым салынады. Одан бөлек, “Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы” заңына “аз қабатты құрылыс” ұғымы енгізілмек. Ал әкімдіктер компаниялардың үлескерлерден ақша тартуының заңдылығын қадағалауға тиіс.