Жапонияда зілзаладан соң жағдай ушықты

Қазір өңірде Азық-түлік пен ауызсу тапшылығы бар. Инфрақұрылымның түгі қалмаған. Исикава префектурасы өмір сүруге жарамсыз аймаққа айналды. Мұнда электр желілері істен шығып, мыңдаған үй жарықсыз қалды. Тұрмыстың нашарлауы өңірде инфекциялық аурулардың өршуіне әкеп соғуда. Соңғы дерекке сәйкес зілзала кезінде опат болғандардың саны 220-ға жетті. Мыңдаған адам жарақат алған. Қазір жапа шеккен өңірлерге үздіксіз гуманитарлық көмектер жеткізіліп жатыр. Өңірге сапармен келген премьер-министр тұрғындарға 32 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты.