Алматыда лай көшкінінен қаза тапқан отбасының барлық несиесі төленеді

Қала басшысы Ерболат Досаев осылай деді. Алматы әкімі қайтыс болған отбасының туыстарына көңіл айтты. “Әкімдік ақтық сапарға шығарып салу рәсімдерін өткізу бойынша барлық қажетті көмекті көрсетеді. Бұл отбасының үлкен ұлы – шетелде оқитын Дмитрий Шиннің оқуына да көмектеседі, сондай-ақ ата-анасының қаржылық міндеттемелерін шешуге жәрдемдесеміз”, – деді Ерболат Досаев. Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпан күні таңертең мегаполистегі лай көшкінінен үйінді астында қалған төрт адам қаза тапқан еді.