Алматыда былтыр сейсмоаудитке 4 млрд теңге бөлінген

Бұл туралы қала әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Досаев ЖТС мәселелерін реттеу керектігін нақтылады. «”Тау самалы” шағынауданында бау-бақша серіктестіктері көп. Сол себептен “жеке тұрғын үй секторы” мәртебесін алу керек. Себебі бүгінде ЖТС рұқсат құжаттарынсыз салынып жатыр», – деді қала әкімі. Айта кетейік, Медеу ауданының тұрғындары сейсмоаудит нәтижелері еш жерде жарияланбағанына наразы.