Алғаш рет AutoFlight ұшқышсыз басқарылатын ұшақ жолаушыларды арақашықтығы 50 км тең Шэньчжэннен Чжухай қаласына тасымалдады. Ұшақ бұл арақашықтықты небәрі 20 минутта еңсерді. Бұл бағыттағы сапарды автокөлік 2-3 сағатта жүріп өтеді екен. Аэротакси төрт жолаушыны 250 км қашықтыққа дейін жеткізе алады. Ұшу жылдамдығы сағатына 200 км болуы мүмкін. Енді AutoFlight компаниясы ақылы қызмет көрсету үшін ұшуға рұқсат алмақ.